Астана әкімі жылу беру маусымына байланысты аудан әкімдерінің есебін тыңдады

26.09.2014
Астана әкімі жылу беру маусымына байланысты аудан әкімдерінің есебін тыңдады

Астанадағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылу жүйесі жылу беру маусымына қаншалықты дайын? Әкім 100 пайыз дайын дейді. Ал тұрғындар «олай емес», деп дабыл қағуда.

Бүгін Иманғали Тасмағамбетов осы мәселеге жауаптылардың бәрін жиып алып, есебін тыңдады. Қаладағы аудан әкімдерінің дайындықтарымен танысты.

Мұнай өнімдеріне бағаның едәуір өскені жылу беру мекемелеріне де өз әсерін тигізбей қоймады. Тек 1 айға жететін отын бар екен.

29-қыркүйекте қаладағы барлық мектептер мен бала-бақшаларға, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік нысандарға толығымен жылу беріледі.

Ғалым КӘЛМЕН

 

Хабарламаларға жазылу