Ресейде тек қазақстандық өнім сатылатын азық-түлек дүкені ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде тек қазақстандық өнім сатылатын азық-түлек дүкені ашылды

25.09.2014
Ресейде тек қазақстандық өнім сатылатын азық-түлек дүкені ашылды

Көршілес елде тек қана қазақстандық өнім сатылатын азық-түлік дүкендері ашыла бастады. Мәселен, Мәскеу облысында таяуда ғана ашылған «Бауырсақ» дүкені табысты жұмыс істеп тұр.

Кәсіпкер Елена Кандакова енді дүкеннің заты атына сай болсын, деп бауырсақ пісіріп сатқалы отыр. Әзірге таңсық тағамды таныстырып, келген жұртқа дәм ауыз тигізуде.

Келешекте бауырсақты танымал брендке айналдырғысы келеді. Алдағы меже -  Мәскеуден дәл осындай дүкендер желісін ашу.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу