Тұтынушылар «Apple» компаниясына шағым түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушылар «Apple» компаниясына шағым түсірді

25.09.2014
Тұтынушылар  «Apple» компаниясына шағым түсірді

 «Apple» компаниясына тұтынушылардан шағым түсіп жатыр.

Жаңа «iPhone 6» смартфондары өте иілгіш, тіпті, қалтаға салғаннан майысып қалады екен.

Сарапшылардың айтуынша, бұған алюминийден жасалған құрылғы корпусының жаңа құрылысы себеп болуы мүмкін.

«Apple» өзінің жаңа «iPhone 6» және «iPhone 6 Plus» гаджеттерін әуелде шығарылғандардың арасындағы ең жіңішке телефон ретінде ұсынды.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу