«Қолжетімді баспана-2020» пәтерлері интернет арқылы сатыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қолжетімді баспана-2020» пәтерлері интернет арқылы сатыла бастады

22.09.2014
«Қолжетімді баспана-2020» пәтерлері интернет арқылы сатыла бастады

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының операторларының бірі - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  Тараз қаласындағы пәтерлерді сатуға интернет арқылы өтінім қабылдауды бастады

Осылайша, өтініш қабылдаудың автоматтандырылған онлайн жүйесі жүзеге аса бастады.

Ерекшелігі, онда ешқандай адам факторы жоқ. Пәтер кезегіндегі нөміріңізді өтінім берген заматта біле аласыз.

Тараз қаласындағы сатылымдар басталған алғашқы 30 минут ішінде 6 өтініш түскен.

Хабарламаларға жазылу