Алматыда автоматтандырылған пошта станциясы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда автоматтандырылған пошта станциясы іске қосылды

19.09.2014
Алматыда автоматтандырылған пошта станциясы іске қосылды

Постамат – интернет-дүкендерде, каталогтармен және өзге де жүйе арқылы тапсырыс берілген тауарларды жөнелту және қабылдау бойынша қызмет атқаратын терминал-жәшік.

Тұтынушылар құрылғы арқылы аз уақыт ішінде өз заттарын әр аймаққа арзан бағамен жібере алады. Мұндай постаматтар әлемнің дамыған елдерінде енгізілген.

Бұл терминалдар биыл Астана мен Қарағанды қалаларында орнатылмақ. Одан бөлек, алдағы уақытта заманауи құрылғы республикамыздың барлық аймағында іске қосылады.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу