Алматыда «Қазнетке 20-жыл: қалыптасуы, мәселелер және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазнетке 20-жыл: қалыптасуы, мәселелер және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті (ВИДЕО)

19.09.2014
Алматыда «Қазнетке 20-жыл: қалыптасуы, мәселелер және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті (ВИДЕО)

Жиында, Қазнеттің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы, интернетті дамытудың басты трендтері, интернетке қосылу, электронды ақша және ғаламтор арқылы төлем жүргізу мәселелер талқыланды.

Осыдан 10 жыл бұрын, ғаламтор пайдаланушылардың саны халықтың 4 пайызына жетпеген, қазір ол көрсеткіш 12 миллионды құрап отыр.

Республикамыздың барлық қаласы мен шалғай ауылындағы тұрғындар 3G жылдамдығындағы интернетті пайдаланады.

Ал келер жылдан бастап, елді мекендерді жоғарғы жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету үшін «Оптикамен ауылға» акциясы басталмақ.  

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу