Ресей жерінен қазақ жауынгерінің сүйегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей жерінен қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

13.09.2014
Ресей жерінен қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

Петерборлық іздеу тобы Ленинград облысынан қазақ жауынгерінің сүйегін тапты. Ол Оңтүстік Қазақстанның тумасы – Сейдуәлі Әбшүкіров. Марқұм 1942 жылы соғысқа шақырылып, күні бүгінге дейін хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында еді.

Енді оның Ленинградты қорғау жолында ерлікпен қаза тапқаны анықталып отыр. Ресейлік іздеушілер тіпті жауынгердің туыстарын да тапты. Оларға жақынының жеке заттары мен сүйегін салтанатты түрде тапсырды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу