Петропавлда жеңгетайлықпен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жеңгетайлықпен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

12.09.2014
Петропавлда жеңгетайлықпен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Ерлі-зайыптылар жас қыздарды саудалап тұрған жерінде қолға түсті.

50 жастағы ер адам мен оның 35 жастағы жұбайы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мамандарының назарына осыдан бір ай бұрын іліккен.

Көрші өңірлердің газеттеріне хабарландыру беріп, жас қыздарға 1 мың доллардан басталатын жалақы төлейміз, деп алдаған. Сөйтіп қармақтарына түсірген бойжеткендерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Жедел іс-шаралар барысында олардың заңға қайшы жат тірліктермен  айналысатындары анықталып, тұтқынға алынды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу