«Ақпараттандыру туралы» Заң жобасы таныстырылды

11.09.2014
«Ақпараттандыру туралы» Заң жобасы таныстырылды

Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев бүгін Мәжіліс отырысына «Ақпараттандыру туралы» Заң жобасын алып барды.

 «Ақпараттық коммуникация саласы күн сайын өзгеріп жатыр. Интернет-бизнес, интернет-БАҚ  пайда болды. Қолданыстағы «Ақпараттандыру туралы» Заң осындай өзгерістерге ілесе алмауда. Бұл ІТ саланың дамуын тежейді.  Сондықтан, жаңа жобаны түздік»,- деді вице-министр.

Бұл құжат  мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытады.

Сондай-ақ, жаңа құжат бойынша ғаламторда Заңға қайшы әрекет жасаған адам өз ісі үшін жауапқа тартылады.

Жаңа құжат мақұлданса, 6 Кодекске, 19 Заңға өзгерістер қоса енгізіледі.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі:

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты - электронды Үкіметтің құқықтық базасын қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығының дамуын мемлекеттік қолдау, мемлекеттік органдардың қызметін бизнес пен халық үшін ашық ету, ақпараттық қоғамға көшуге жағдай жасау және ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық реттеуді жетілдіру.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу