Оңтүстік Қазақстан облысында ұлағатты ұстаздар отбасы тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында ұлағатты ұстаздар отбасы тұрады

10.09.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында ұлағатты  ұстаздар  отбасы тұрады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында тұратын Селтановтар отбасын жұртшылық жақсы біледі. Отағасы Сапарәлі Селтанов саналы ғұмырын өңірдегі  білім саласының дамуына, шәкірт тәрбиесіне арнаған жан.  Қазір ұлағатты ұстаздың  ұл-қыздары мен келіндері де әке жолын қуып, ағарту саласында абыройлы қызмет атқарып жүр.

Бұл отбасында ұстаздық атадан балаға беріліп келе жатқан  дәстүрлі мамандыққа айналған. Еңбек жолын қарапайым ұстаздықтан бастаған Сапарәлі Селтанов, аудандық білім бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтеріліп, өмірдің небір сынынан мүдірмей өткен.

Айнұр АҚБАЕВА  

Хабарламаларға жазылу