Петропавлдағы дәмханалардың бірінде өрт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы дәмханалардың бірінде өрт болды

02.09.2014
Петропавлдағы дәмханалардың бірінде өрт болды

Петропавлдың дәл ортасындағы «Самовар» дәмханасын өрт шарпыды. Оқиға кеше кешкі сағат 20:00 шамасында болған.

Дәмхананың шатырынан басталған өрт шамамен 400 шаршы метр аумақты шарпыған.

Абырой болғанда адамдардың барлығы дер уақытында шығарылып, ешкім жапа шеккен жоқ.

Жалынды ауыздықтауға 11 арнайы техника мен 40 адам жұмылдырылды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу