Тігінші Ғалия Омарбекова тұтынушылардың алғысына бөленіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тігінші Ғалия Омарбекова тұтынушылардың алғысына бөленіп жүр

29.08.2014
Тігінші Ғалия Омарбекова тұтынушылардың алғысына бөленіп жүр

Семейлік Ғалия Омарбекова мүмкіндігі шектеулі болса да, ел қатарлы еңбекке араласып нәпақасын тауып жүр. Ол қаладағы тігін шеберханасының бірінде жұмыс істейді.

Өткен жылы қаладағы жұмыспен қамту орталығы арқылы тігіншілік курсын оқып шыққан. Қазір ісмерлікке бейімделіп алды.

Өзіне тапсырылған істі тиянақты орындап, тұтынушылардың алғысына бөленіп жүр.

Тұрақты жұмыс істеп, мамандық алуы үшін мемлекеттің жасап отырған мүмкіндігіне шексіз риза.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу