Риддер қаласындағы шахта апатынан 1 кенші қаза тапты (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер қаласындағы шахта апатынан 1 кенші қаза тапты (толығырақ)

25.08.2014
Риддер қаласындағы шахта апатынан 1 кенші қаза тапты (толығырақ)

Шығыс Қазақстан облысындағы Тишинский кенішінде қайғылы оқиға болды. 

Риддер қаласында орналасқан кеніште түнгі ауысымда жұмыс істейтін 30 адам шахтаға түсіп бара  жатқанда, арнайы  жеделсатының үстіне  қабырғадан опырылған бетон құлаған.

Соның салдарынан 25 жастағы жігіт оқиға орнында жан тапсырды.  Әртүрлі  жарақат алған екі адам  ауруханаға жеткізілді.

Облыстық Жұмылдыру  дайындығы басқармасының мәліметі бойынша, кеніш жұмысы тоқтаған жоқ.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу