Шекара қызметі қару-жарақ, техникамен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекара қызметі қару-жарақ, техникамен толықты

16.08.2014
Шекара қызметі қару-жарақ, техникамен толықты

Алматы облысы Боралдай әуе базасында су жаңа техника таныстырылды. Барлығы 400-ге жуық. Бұл шекара шебін күзеткендер үшін төл мерекелері қарсаңында жасалған үлкен сый.

Енді шалғай аймақтағы шекарашылар мен олардың отбасы медициналық тексеруден өту үшін аудан орталығына қатынамайтын болады. Өйткені, жаңадан алынған жылжымалы медициналық орталық жарты жыл сайын медициналық тексеру жүргізіп тұрады.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу