Қарттар үйіндегі кітапханада қазақ авторларының шығармалары аз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттар үйіндегі кітапханада қазақ авторларының шығармалары аз

09.08.2014
Қарттар үйіндегі кітапханада қазақ авторларының шығармалары аз

«Қазақ тіліндегі туындыларды оқығымыз келеді»,- дейді Ақтөбедегі қарттар үйінің тұрғындары. Шағын кітапханада 50 мың кітап бар.

Барлығы Кеңес үкіметі тұсындағы шығармалар. Дені орыс тілінде. Қазақ тіліндегі кітапқа сұраныс артып келеді.

Тұрақты оқырманның бірі - Жақсылық ата. Оған тарихи кітаптар, аңыз-әңгімелер ұнайды.

Қазақ тіліндегі мұндай кітаптарды қызметкерлерге алдырып, оқиды.

Әлия ТАЛАСОВА

 

 

Хабарламаларға жазылу