Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері 32 арнайы техникаға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері 32 арнайы техникаға ие болды

05.08.2014
Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері 32 арнайы техникаға ие болды

Бүгін Владимир Божко жаңа көліктердің кілттерін өңірлік бөлімшелердің басшыларына салтанатты түрде табыс етті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, 2011-2013 жылдар аралығында ТЖМ иелігіне  424 бірлік техника алынды, оның 274-і елімізде шығарылған.

Аумақты бөлімшедегі техниканың 14-і медициналық, 11-і өртке қарсы, 7-і жедел құтқаруға арналған.

Жыл соңына дейін осындай 63 техника сатып алу жоспарланған.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу