Павлодардағы қарттар үйінің көрінісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы қарттар үйінің көрінісі

04.08.2014
Павлодардағы қарттар үйінің көрінісі

Елімізде  қарттық шақта қасірет шегіп жүрген қариялар көбейіп барады.

Бүкіл  бір ауыл  ақ апа,  деп еркелей етегіне оралатын Оразке Ахметова қазір қаладағы қарттар үйінің тұрғыны. Келесі жылы 90-ға толады екен.  Қуаныш емес, қарияның көңілінде кірбің бар.

Өз жақынынан таппаған жылуды өзгеден іздегендердің тағы бірі - Зәбира Дүйсенбекова. Туған-туыстан түгел айырылып, кеш тұрмыс құрды. Төрт баласы бар егде адамға жар болды.

«23 жыл тұрған жолдасымның балалары қысымшылық көрсетті. Сондықтан, осы мекемеге келуге мәжбүр болдым», дейді қамкөңіл жан.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу