Солтүстікқазақстандық Салтанат Қарағожина үйінің бір бөлмесін шеберханаға айналдырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікқазақстандық Салтанат Қарағожина үйінің бір бөлмесін шеберханаға айналдырған

30.07.2014
Солтүстікқазақстандық Салтанат Қарағожина үйінің бір бөлмесін шеберханаға айналдырған

ІІІ топтағы мүгедек солтүстікқазақстандық Салтанат Қарағожина биыл «Даму» қоры арқылы грант иеленіп, тігін машинасын сатып алды. Қазір үйінің бір бөлмесін шеберханаға айналдырған.

Құрақ көрпе мен бөстектер тігіп нәпақа табуда. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендіктен, шағын тапсырыстар түсіп, медицина қызметкерлерінің киімдерін тігуді де қолға алған.

Жаңа үлгідегі тігін машинасы ою-өрнек салып, қалыңдық көйлегі мен қыздың жасауын дайындауға қолданылады.

«Ең бастысы, мүгедекпін, деп қарап отырмай, сүйікті ісіммен айналысып жүрмін», дейді Салтанат Қарағожина.

Салтанат Қарағожина, ІІІ топтағы мүгедек:

Ел қатарлы өмір сүру керек. Бәріне мен мүгедекпін, менің қолымнан ештеңе келмейді, деп айтуға болмайды. Жастарға, өсіп келе жатқан балаларға, бос жүрген дені сау адамдарға уақыттарыңызды босқа өткізбеңіздер, деп айтар едім.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу