Ақтөбеде жиенін сатпақ болған 48 жастағы әйел ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жиенін сатпақ болған 48 жастағы әйел ұсталды

30.07.2014
Ақтөбеде жиенін сатпақ болған  48 жастағы әйел ұсталды

Ақтөбеде жиенін сатпақ болған 48 жастағы әйел ұсталды. Ол оң жақта отырып жүкті болған қызының баласынан құтылмақ болған.

Сөйтіп, туылмаған сәбиді 3 ай бұрын саудалай бастайды. Нәрестеге зәру ерлі-зайыптыларды іздеп, келісім жасасады.

Баланың құнын 2 бөлмелі пәтерге бағалаған. Саудаласа келе 1 миллион 600 мың теңгеге түседі. Ақшаны шақалақ туа сала алуға келіседі.

24 жастағы қызы босанып,  перзентханадан шыққан бойда нәрестені сатып алушыларға ұстатып, ақшаны алып тұрған жерінен шешесі мен қызы қолға түсті. Қазір олар тергеуге алынды.

Бала сатқандары үшін  7-ден 10 жылға дейін  бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. 

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 132-бабына сәйкес қамауға алынды. ҚР Қылмысқтық Кодексінің 133-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда бала ауруханада. Жағдайы жақсы. Болашақта ювеналды полициямен бірлесе отырып,  «Үміт» атты сәбилер үйіне тапсыру көзделіп отыр.

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу