Семейде зағип жандарды мамандыққа бейімдеу жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде зағип жандарды мамандыққа бейімдеу жүргізілуде

25.07.2014
Семейде зағип жандарды  мамандыққа бейімдеу жүргізілуде

Семейде көзі нашар көретіндерді мамандыққа бейімдеу курстары жүргізілуде.

Жоба аясында 10-нан астам зағип жан арнайы оқытылып, сауықтыру массажын жасауды меңгерді.

Массажист курстарына көз жанарынан айырылғандар таңдалып алынған. Мамандардың айтуынша, мұндай адамдардың саусақ сезгіштігі, икемділігі ерекше дамиды.

Кейбір шетелдерде емдеу мекемелеріне көбіне зағиптар жұмысқа қабылданады

 «Бізде де бұл тәжірибе енгізілер болса, талай адамның жұмысқа орналасуына  мүмкіндік  туады. Жобаның да көздегені - осы», дейді ұйымдастырушылар.

Әзірге Семейде сауықтыру массажын 10 адам үйреніп, арнайы сертификатқа қол жеткізді. Оқу енді Өскемен қаласында жалғасады.

Айсәулин Серікбек, І топтағы мүгедек:

Емтихан  тапсырдық. Массаждың қыр-сырын үйретті. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытып жатқанына біз өте қуаныштымыз. Осындай бағдарламалар көп болсын. Бұйырса, бір жұмыс табамыз, деп ойлаймыз.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу