Қазақстандық 13 турист Иерусалимде әуе рейсін күтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық 13 турист Иерусалимде әуе рейсін күтуде

24.07.2014
Қазақстандық 13 турист Иерусалимде әуе рейсін күтуде

Қазақстандық 13 турист Израильден Түркияға жеткізуі тиіс әуе рейсі 20 сағатқа кешігіп жатыр. ҚР СІМ-нің хабарлауынша, қазақстандық азаматтарға тиісті көмек көрсету үшін консул барған.

Отандастарымыз қазір Иерусалимнің қауіпсіздік қамтамасыз етілген қонақүйлерінің біріне орналастырылған. Сондай-ақ, қазақстандық дипломаттардың араласуымен Вифлеем қаласынан Украинаның 2 азаматы және 2 ресейлік тұрғын-аман-есен шығарылды. 

Бүгінде отандастарымызды тезірек Түркияға жеткізу үшін барлық инстанциямен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу