Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

23.07.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан  4 адам қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан  4 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға қаланың іргесіндегі Мартөбе ауылындағы   жанармай құю бекетінің  қарсы бетінде болған.

25 жастағы Ақсукент  ауылының тұрғыны өзінің «Mercedes-Benz» автокөлігімен  қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, «Аudi-80» автокөлігімен соқтығысқан.

Екі көлікте де бірнеше жолаушы болған. Алған  ауыр жарақаттардан «Аudi-80» автокөлігінің жүргізушісі мен  ондағы  үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Ал, осы апатқа кінәлі, деген  «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат қамауға алынды. Ол 1989 жылы туған «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі.  Оған қатысты ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу