Астаналық Дулат Иманқазы Меккеге жаяу аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық Дулат Иманқазы Меккеге жаяу аттанды

22.07.2014
Астаналық  Дулат Иманқазы Меккеге жаяу аттанды

Меккеге  жаяу аттанған астаналық Дулат Иманқазы Ақтөбеге жетті. 6-шілде  күні жолға шыққан ол 2 облыстың аумағынан 15 күнде жүгіріп өтті. Меккеге дейін  жол - 7 мың шақырым.

Қазақстанның 5 облысы мен тағы 4 мемлекет арқылы өтіп, қыркүйектің 15-не дейін Сауд Арабиясына жетуді көздеп отыр. Күніне 100 шақырымнан аса жүгіріп, Атырау облысына жеткен соң кеме, ұшақ арқылы шекарадан өтеді. Мұның барлығына 3 ай уақыт кетеді.

 Дулат  - Меккеге жаяу сапарға аттанған 3-ші адам. Албаниялық пен пәкістандық орта жолдан қайтыпты. 47 жастағы астаналық мақсатына жетуге бел буып отыр. Сондай-ақ, Астана-Мекке бейбітшілік марафоны арқылы жастарға спортты насихаттамақ

Дулат Иманқазы, марафоншы:

Сағатына 15-16 шақырым жүгіріп келемін. Мысалы, 20 шақырымды 1,5 сағатта өтемін. Мәселе тез жүгіруде емес. Мен жол бойы салауатты өмір салты, спорт туралы айтудамын. Мүмкін, мені көріп жолға тағы бір қазақ шығар. Бір қазаққа әсер еткеннің өзі қандай пайда?!

Әлия ТАЛАСОВА

 

Хабарламаларға жазылу