Павлодарда алғашқы сурдо орталық ашылды

18.07.2014
Павлодарда алғашқы сурдо орталық ашылды

Павлодарда алғашқы сурдо орталық ашылды. Отандық мамандар құлағында мүкісі бар сәбилерді ерте бастан анықтайтын болады. Бұл баланың сауығып кетуіне үлкен мүмкіндік береді.

Дүниеге келген шараналардың «шыр» етіп дыбыс шығармайтындары жиі кездеседі. Бірақ, олардың бәрі саңырау, мылқау емес. Статистикаға қарағанда жаңа туған 10 мың сәбидің үшеуі құлақ пен тілден кемтар болады. Бірақ, нақты диангозын анықтау өте қиын.

Татьяна Лазоватская, сурдологиялық орталықтың меңгерушісі:

Біз сәбидің есту қабылеті қаншалықты деңгейде екендігін айыра алмай қиналамыз. Аудиометр, эмпиндонсометрлер қолданып, акустикалық таралымды есептеуге тырысамыз. Бірақ, баланың аты бала ғой. Икемге көнбейді.

Заманауи медициналық технология арқылы сырқатты ерте бастан анықтауға мүмкіндік мол. Мәселен, күрделі жағдайда Кохлеарлы имплант, яғни операция арқылы құлақтың естуіне көмектесетін техникалық құрал орнатуға болады. Баланың ақыл есінің дамуы тежелмеуіне  оның көмегі зор.

Мария Котова, сурдо орталықта ем қабылдаған баланың анасы: 

Туғанда күдіктенгенбіз, себебі, құлағын қаси берді. Ерте бастан анықтауға болады деген соң осында келдік. Тексерді. Барлығы дұрыс екенін біліп көңілім енді орнықты.

Есептей беріңіз, сөйлей алмайтын, құлағы естімейтін баламен жұмыс істеу үшін сурдопедагог, логопед, дефектолог, психиатр, невролог мамандар, әлеуметтік мұғалім керек. Ал, дыбыс шығару, құлақтың естуіне арналған терапиялар ерте жастан қолданылса бала айығып кетеді.

Сондықтан «Сурдологиялық көмекті дамыту Жол картасының» дені сау ұлт қалыптастырудағы маңызы ерекше. Мұндай орталықтар еліміздің барлық аймақтарында ашылады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу