Бірқатар аймақта күн суытады (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар аймақта күн суытады (толығырақ)

14.07.2014
Бірқатар аймақта күн суытады (толығырақ)

Елордада  алдағы үш күн бойы ауа райы құбылмалы болады. Ұйытқыған жел тұрып, өткінші жаңбыр жауады.

Синоптиктердің айтуынша, соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, ал, кей жерлерде 18 метрге дейін жетеді.

Сондай-ақ, бас қаладан бөлек, басқа аймақтарда да ауа райы бұзылады.

Мәселен, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, найзағай ойнайды, ал, кей жерлерде бұршақ жауады. Қостанай мен Қызылорда облыстарында да ауа райы тұрақсыз болады.

Мұнда тұман түсіп, құмды дауыл тұрады. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жылдамдығы секундына 15, кей жерлерде 20 метрге дейін жел соғады. 

Алуа Саханова,  инженер-синоптик:

Қазақстанның басым аумағы циклонның ықпалында болғандықтан, республиканың көптеген аймақтары жауын-шашынды болады. Шығысында және оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде  бұршақ жауады,  деп күтілуде.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу