Астанаға ақ тілек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға ақ тілек

01.07.2014
Астанаға ақ тілек

16 жыл ішінде Қазақ елінің Астанасы айдай әлемге танылды. Астана қазір бүкіл жасампаз іс-әрекеттер жүзеге асып, әлемдік мәселенің түйіні шешілер  орталыққа айналды. Қала күніне дүниенің түкпір-түкпірінен жеткен ізгі тілектерде есеп жоқ.

Гьян Чандра Ачарья, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары:

Жақында ғана Қазақстанда Астана экономикалық форумына қатысып қайттым. Мен өз көзіммен Астананың қалай дамып жатқанын көріп, риза болдым. Қаланың бірқатар көрікті жерлерін араладым, музейлерде болдым, күннен күнге гүлденуде. Астананы өзім халықаралық деңгейдегі конференциялар, жиындар ұйымдастырудағы рөлі үшін құрмет тұтамын. Астананың бір елдің ғана елордасы емес, әлемдегі жаһандық диалог алаңы рөлін нығайта беруіне тілектеспін.

Марк Дакаскос, Голливуд актері:

Мен Қазақстанның 2017 жылы EXPO көрмесін өткізетіні ушін қуаныштымын. Әлем жұртшылығы сіздер туралы көбірек білуі керек. Сіздің елдің мәдениеті керемет, халықаралық қауымдастыққа оны көрсете білулеріңіз қажет. Жаңа технологияларды дамыту арқылы мәдениетіңізді паш етуге мүмкіндік туып отыр. Қазақ елін бір көрген адам, міндетті түрде қайтып оралатыны айқын. Сондықтан, сіздерге сәттілік тілеймін. Қазақ халқы жылдан-жылға гүлдене берсін. Денге саулық, бақ пен байлық тілеймін. Қазақстан, Астананың 16 жылдығы баршаңызга құтты болсын.

 

Хабарламаларға жазылу