Астаналықтар сабантой мейрамын тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар сабантой мейрамын тойлады

30.06.2014
Астаналықтар сабантой мейрамын тойлады

Астаналықтар татар-башқұрт халықтарының ұлттық  сабантой мейрамын тойлады.

Қазақстандағы ұлыстар арасындағы ынтымақ пен достықты дәріптейтін бұл мерекеге халық көп жиналды.

Татар-башқұрт халқының өкілдері ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрлерін көрсетті. Мерекеде белбеу күресі, қап жарыс, қол күресі, шелекпен жүгіру сынды түрлі ұлттық, спорттық ойындар өткізілді. 

Сондай-ақ, әннен шашу шашылып, биден өрнек тігілді. «Сабантой-2014» мерекесі  «Қазақстан халқы Ассамблеясы: 20 жыл - 20 игі іс» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Гүлнәзира Сәдуақасова , «Достық» ансамблінің жетекшісі:

Бұл  мерекені тек татар-башқұрт халықтары ғана тойламайды. Мында бізді құттықтауға барлық ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері жиналып отыр. Біздің мемлекетімізде 100-ден аса ұлыс өкілдері тұрады. Олар татулық пен бірлікте мамыражай ғұмыр кешеді. Бұл әрине, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы екендігі сөзсіз.

 

Шырақ БАЙКЕНОВА

Хабарламаларға жазылу