«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының форумы өтеді

26.06.2014
«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының форумы өтеді
 
28 маусым күні «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының бірінші форумы өтеді. Стратегияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған қозғалыстың 10-нан астам ірі жобасы бар.
 
Онда еліміздің білім беру сапасын арттыру, отбасылардың ынтымағын нығайту, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту мен медициналық қызметті дамыту мәселелері секілді маңызды салалар қамтылған. Форумға қатысушылар сол бағдарламаларды жүзеге асырудың тетіктерін қарастырмақ.
 
Данат Жумин, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының төрағасы:
Жалпыұлттық қозғалысқа елімнің патриотымен деген кез келген азамат мүше бола алады. Біз «Қазақстан-2050» стартегиясын жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз. Ол үшін арнайы қабылданған бағдарламалар тиянақты орындалуы керек. Жалпыұлттық қозғалыстың 10-нан астам жобасы да халықтың мүддесі үшін орайластырылған. Оның толық іске асатынына сенімдіміз.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу