Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментіне жаңа автокөліктер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментіне жаңа автокөліктер берілді

24.06.2014
Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментіне жаңа автокөліктер берілді
Полицейлердің кәсіби мерекесі күні Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментіне жаңа автокөліктер берілді.  
 
Тәртіп сақшыларына 50 көліктің кілті табысталды. Техника жергілікті бюджет қаржысына алынған.
 
Жеке құрам  жаңа «темір тұлпарларды» салтанатты түрде қабылдап алды. Шара барысында Ішкі істер саласының өзге де техникасы, қару-жарағы мен жасағының көрмесі таныстырылды.
 
Қайрат Дәлбеков, Ішкі істер департаментінің бастығы:
Бұл - біз үшін үлкен қуаныш. Жеке құрам үшін қоғам тыныштығын сақтауда көмегі болады, деп ойлаймын.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу