Полиция қыметкерлерінің кәсіби мерекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қыметкерлерінің кәсіби мерекесі

21.06.2014
Полиция қыметкерлерінің кәсіби мерекесі
 
23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Осы орайда бүгін Астана қаласының Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Онда ерлер хорының орындауында әндер шырқалды. Сондай-ақ, спорттық жарыстар өткізіліп, бүлдіршіндерге арналған сайыстар ұйымдастырылды.
 
Полицилерді құттықтауға арнайы эстрада әншілері келіп, әннен шашу шашты. Биыл кәсіби мереке gатрульдік полиция полкі ерлер хорының 10-жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
 
Ерболат Серікбаев, кинологиялық орталықтың қызметкері, полиция майоры:
Бүгінгі полиция күні баршамызға құтты болсын. Біздің Ішкі істер департаментінде осыдан он жыл бұрын құралған хор және фольклорлық ансамбль бар. Бүгінгі мейрамда өздерінің өнерін көрсетіп жатыр. 
 
Ұлжан Қабылдина, Штаб басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы:
Біздің полиция қызметкерлеріне тілейтінім, зор денсаулық, ашық аспан, адал еңбек етсін. Біздің Президентіміз аман болып, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.
 
Шырақ БАЙКЕНОВА

Хабарламаларға жазылу