Павлодар полицейлері тек ақ түсті көліктермен жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар полицейлері тек ақ түсті көліктермен жүреді

19.06.2014
Павлодар полицейлері тек ақ түсті көліктермен жүреді
Павлодар полицейлері ақ түсті көліктермен ғана жүретін болды. Бұл қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмысты адал атқаруының, қоғамның қылмыс атаулыдан тазаруының нышаны ретінде жасалып отыр. 
 
Осы мақсатпен полицияның патрульдік бөлімдері салтанатты сап түзеді. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіпті қадағалау экипаждары түгелдей ақ түсті көліктермен алмастырылды.
 
Бұрын қала көшелерінде жүретін полицияның «УАЗ» автокөліктері шымқай қара түсті болатын. Әрине, көрер көзге қара түстің ерекше сұс, айбын беріп тұратыны даусыз. Бірақ, жұртшылық үрке қарап емес, үйіріліп тұруы керек полицияға. Осындай тәрбие қалыптасса ғана тәртіп болады.
 
Сұлтан Күсетов, облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы:
Бәрімізге белгілі ақ түс-тазалықтың белгісі. Ақ түс әділдікті білдіреді. Бұл әр полиция қызметкерінің бойында болуға тиісті қасиет. Сонда ел сенімін ақтай аламыз. Сол мақсатпен   көліктерді ақ түске алмастырып жатырмыз.  
                                                        
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу