Жәйрем кентінде шегіртке қаптап кетті
Қарағанды облысына қарасты Жәйрем кентінде шегіртке қаптап кетті. Күннің күрт ысуынан тез көбейген жәндіктер көші шөп қалдырмайтын түрі бар. «Италиялық парус» деп аталатын шегірткенің бұл түрі өсімдік атаулының бәріне жау.
Кенттегі саяжай мен төңірегіндегі жайылымды түгел тақырлап барады. Мамандар маусым айының 1-нен бастап ұшақпен улау жұмыстарын қолға алған. Алайда, санитарлық шаралар бір шақырым қашықтықты ғана айнала жүргізілетіндіктен, шегіртке атаулы кент басына ауып келген.
Мақсұт Қабиев, Қарағанды облыстық Өсімдікті қорғау басқармасының бас маманы:
Дәл ауылдың ішіне келіп жұмыртқа салады, деп болжанбаған. Қазір бір ДУК пен екі арқаға асынып жүретін бүркігіштер бар, химиялық тазарту жасалып жатыр. 20 гектар көше өңделді, 40 саяжай өңделді. Енді бір-екі күнде бір қалыпқа келтіреміз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түрлі кәсіпті меңгерген қыз-келіншектер
07.03.2026, 20:19
«Қарағанды-Жезқазған» тасжолының құрылысы келесі айда басталады
07.03.2026, 20:11
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – мемлекет дамуының жаңа кезеңі
07.03.2026, 20:09
Құтқарушылар ауруханаға жете алмаған сәбиге көмекке келді
07.03.2026, 20:09
Қыз-келіншектер ердің ісін игеріп, өндірістің ауыр жүгін көтеріп жүр
07.03.2026, 20:06
«Су тасқыны-2026» айлығы жарияланды
07.03.2026, 20:06
4700-ден астам қазақстандық елге оралды
07.03.2026, 20:06
Әскери саладағы әйелдер ардақталды
07.03.2026, 20:05