«Бастауға жол» атты бейбітшілік пен келісім акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бастауға жол» атты бейбітшілік пен келісім акциясы басталды

12.06.2014
Бүгін Елордада халықаралық «Бастауға жол» атты бейбітшілік пен келісім акциясы басталды. Жоба діндер арасындағы келісім мен халықтарды бейбітшілікке шақыру мақсатында өткізілуде.
 
Бүгінгі таңда жобаға отызға жуық адам қатысады, олардың бесеуі өзіміздің қандастарымыз. Қатысушылар екі ай ішінде 7 мың шақырымнан астам жолды жүріп өтеді.
 
Соның ішінде мың шақырымын жаяу өтпек. Астанадан бастау алған бейбітшілік пен келісім мәдениет күндері өзге де елдердің қалаларында жоспарланып отыр.
 
Руслан Абдуллин, «Бейбітшілік пен келісім» қайырымдылық қорының президенті:
Біз дінаралық диалог, мәдени мұра мен шығармашылыққа қол жеткізуде әріптестік құру тұжырымдамасын дайындап, алдағы уақыттарды алты елді шарлап өтеміз. Сапарымыз Одессадан бастап, Грекияның Солоники қаласына дейін жалғасады. Бүгін Қостанай қаласына бет аламыз.

Хабарламаларға жазылу