Алтай өлкесіне гуманитарлық көмек жіберілді
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданы Ресейдің Алтай өлкесіне гуманитарлық көмек жіберді. Бұл аймақта, толассыз жауған жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан асып, 40-тан астам елді мекенді су басып қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, мол судан 30 мың адам зардап шекті. Ғалымдардың айтуынша, бұл жақта мұндай су тасқыны соңғы рет 65 жыл бұрын болған екен. Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонайха ауданының тұрғындары Алтай өлкесіне 20 тонна азық-түлік жөнелтті. Көршілеріне көмек көрсетуден Бесқарағай, Бородулиха және Зырян ауданы да қалыс қалған жоқ. Кәсіпкерлер ұн мен өсімдік майын беріп, қол ұшын созса, жергілікті тұрғындар киім-кешек пен өзге де тұрмыстық заттар жіберуде.
Ермак Салимов, Зырян ауданының әкімі:
Алтай өлкесіндегі қиын жағдай бізді де бей-жай қалдырмады. Қолдан келген көмегімізді көрсетейік деп шешім қабылдадық. Кәсіпкерлер келіп, қандай азық-түлік түрлерін жіберу жөнінде бізбен кеңесіп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккен кісілерге гуманитарлық көмек жіберілетінін естіп, қала тұрғындарының әрқайсысы да шама-шарқынша болысуда.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00