«Мемлекеттік қызметте - мемлекеттік тілмен» республикалық байқауы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мемлекеттік қызметте - мемлекеттік тілмен» республикалық байқауы аяқталды

02.06.2014
«Мемлекеттік қызметте - мемлекеттік тілмен»  республикалық байқауы аяқталды
Астанада прокуратура  қызметкерлерінің арасындағы  «Мемлекеттік қызметте - мемлекеттік тілмен» атты республикалық байқау аяқталды. Сайысқа 19 команда қатысты.
 
Әр команда мемлекеттік тілді білу деңгейін, оны өзінің кәсіби қызметінде шебер қолдана алатындарын көрсетті.
 
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының командасы, І орынды Павлодар облысы, ІІ орын Оңтүстік Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының командаларына берілді.
 
ІІІ орынды Бас прокуратураның  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің командасы мен Маңғыстау облысы прокуратурасының командасы иеленді.

Хабарламаларға жазылу