Атырауда ауыл шаруашылығы өнімдері заңсыз сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ауыл шаруашылығы өнімдері заңсыз сатылған

10.05.2014
Атырауда ауыл шаруашылығы өнімдері заңсыз сатылған

Атыраулық қаржы полицейлері «АтырауАгроСервис» ЖШС-ның директорына қатысты қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының еншілес кәсіпорны саналатын бұл серіктестік - ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын реттеу үшін құрылған өңірлік тұрақтандыру қорының операторы.

 
Алайда, мекеме басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін келісімшартта көрсетілген жеке кәсіпкерлерге ғана жеткізіп қоймай, өзгелеріне де жоғары бағамен заңсыз сатқан.
 
Осыған байланысты, ол Қылмыстық Кодекстің 307- бабы, І бөлігі бойынша, яғни, қызметін асыра пайдаланды, деп айыпталуда.
 
Дулат Мадияров, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің аға тергеушісі:
Аталған бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде. Басқа ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты айтылмайды.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу