Наурыз мерекесі балабақшада тойланды
Елорданың ең кішкентай тұрғындары да Наурыз тойын тойлап жатыр. «Салтанат» балабақшасының бүлдіршіндері тәрбиешілерімен бірге дастархан жайып, ұлттық салт-дәстүрлер бойынша көріністер қойды. Атап айтқанда, тұсаукесер, бесікке салу салты жан-жақты көрсетілді. Сонымен қоса, мерекеге орай дайындаған ән мен жыр, би мен күй ойналды.
Жалпы балабақша ұжымы күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесіне айрықша әзірленген. Оның үстіне бұл мереке осы балабақшада жылдағы дәстүрінен жаңылмай көпшіліктен бұрын тойланады және балаларға тәрбие беру үшін ұлттық салт-дәстүрлер ұлықталды.
Роза Жалпыетекова, №57 «Салтанат» балабақшасының меңгерушісі:
Жылда атап өтеміз. Тек дастарқан жайып қана қоймай. Балаларға ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс көрсетіп, тәрбиелейміз.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде бір жылда 298 медициналық мекеме салынды
22.01.2026, 21:36
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
22.01.2026, 21:36
«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
22.01.2026, 21:34
«Ақтөбе – Ұлғайсын» төрт жолақты жолының құрылысы 2 жылда бітеді
22.01.2026, 20:46
«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
22.01.2026, 20:32
Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 20:28
Конституциялық реформа – бетбұрыс кезеңі
22.01.2026, 20:27
Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
22.01.2026, 20:19