Атырауда полицейдің мәйіті табылды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда полицейдің мәйіті табылды (толығырақ)

28.04.2014
Атырауда полицейдің мәйіті табылды (толығырақ)
Атырауда  жемқорлыққа қатысты айыпталып,  ұсталған Исатай аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы  Алтынбек Құбайдуллиннің өлі денесі табылды.
 
32 жастағы полиция майорының денесін  Атыраудағы салынып жатқан құрылыстардың бірінде асылып тұрған жерінен тапқан.
 
Оны өткен аптада ғана  браконьерлерден қара уылдырық пен 250 мың теңге пара алып жатқан жерінен Қаржы полициясының қызметкерлері ұстаған болатын.
 
Кейінірек тергеу кезінде Құбайдуллиннің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатқызылған. Тиісті ем-дом алған соң ол  ауруханадан қашып кетті, деген хабар тараған еді.
 
Құзырлы орган өкілдерінің алдын ала жорамалы бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Қазір, бұл оқиғаға байланысты адамды өзiн-өзі өлтіруге жеткiзу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі прокурорлар тергеп жатыр. 
 
 Гүлнәзира Мұхтарова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Табылған мүрде бойынша қазір кезде тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 102-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу