«Ан-72» ұшағының апатына диспетчер кінәлі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ан-72» ұшағының апатына диспетчер кінәлі

28.04.2014
«Ан-72» ұшағының апатына диспетчер кінәлі
Шымкентте болған «Ан-72» ұшақ апатына диспетчер Қанат Ақылбеков кінәлі деп танылды.
 
Ол 6 жыл бас бостандығынан айырылады. Мамандардың айтуынша, Ақылбеков ұшақты 2150 метр биіктікте ұзақ уақыт бойы ұстаған. Соның салдарынан ұшақ апатқа ұшыраған.
 
Алайда айыпталушы соттың бұл шешімімен келіспей отыр. Оның мәлімдеуінше, әуе жол ережесіне сүйене отырып, нұсқау беріп отырған. 
 
Айта кету керек, оқиға 2012 жылы 25 желтоқсанда болған. Әскери ұшақта болған 27 адамның барлығы да бақилық болды.

Хабарламаларға жазылу