Жастардың ертеңге сенімі мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастардың ертеңге сенімі мол

24.04.2014
Жастардың ертеңге сенімі мол
Қызылжарлық жасөспірімдер қылмыссыз, зорлық-зомбылықсыз жарқын болашақты таңдайды. Осы мақсатты ұстанған жасөспірімдер құрбыларына үлгі болу үшін орталық саябақта бас қосып, өз өнерлерін көрсетті. 
 
Бұл акция облыстық Ішкі істер департаментінің «Отбасы. Жасөспірім. Көше» алдын алу шарасы аясында ұйымдыстырылып отыр.
 
Шара барысында жеткіншектерге әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы викторина ұйымдастырылды. Жасөспірімдер де аянып қалған жоқ. Ән шырқап, би биледі. Осылайша өздерінің заң бұзушылықтан бойларын аулақ ұстап, тәртіпті құрметтейтіндерін білдірді.
 
Ксения Модушкова, мектеп оқушысы, «Жас жол сақшылары» ұйымының мүшесі:
Бүгін біздің командамыз түрлі ойындарға қатысты. Мұндай шаралар біздің мектебізде де өткізіліп тұрады. Біз бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін үйретеміз. Жалпы өзімізден кішілерге заңды бұзуға болмайтынын насихаттап тұрамыз.
 
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу