Жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама түзіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама түзіледі

21.04.2014
Жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама түзіледі
Жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама. «Нұр Отан» партиясы қоғамдық «індетке» қарсы күресті күшейту мақсатында жаңа құжат әзірлеуде. Ол бойынша сыбайластық пен парақорлыққа қарсы ендігі іс-қимыл өңірлерге жүктелмек.
 
Жемқорлықпен күрес жалпыұлттық деңгейге шықпақ. «Нұр Отан» партиясының ұжымы «Парақор мен сыбайластарға қарсы ымырасыз күресті бастадық», деп отыр.
 
Әсіресе, аймақтар назарда. Бүгін партияның Орталық кеңесі өңірлерден өкілдерін жиып алып, семинар өткізді.
 
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қаақстан-2050» Стратегиясында мемлекет пен қоғам алдында дамыған 30 елдің қатырына қосылу мақсатын қойып отыр. Осы айрықша межеге абыроймен жетуіміз - сыбайлас жемқорлықққа қарсы ерік-жігер көрсетіп, халықтың санасына оң әсер ете алуымызбен тікелей байланысты. Бұл барша қазақстандықтардың, қоғамдық институттардың, партия аясына бірігіп, ортақ іске атсалысуын талап етеді.
 
«Негізгі кілтипан – санадан» дейді партия өкілдері. Күрес те сол қоғамдық санаға әсер етуден басталмақ.
 
Негізі «Нұр Отан» жемқорлықпен жүйелі күрес үшін 2014-2020 жылдарға межеленген бағдарлама түзіп жатыр. Онда, Сингапур, Франция мен Гонконг тәжірибесі негізге алыныпты. Ал індет - мемлекеттік сатып алу, салық пен кеден салаларында өршіп тұр. Парақор әкім, жемқор шенді, шекпенді азаймай тұр.      
 
Андрей Лукин, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары: 
Биыл бірінші  тоқсанның көрсеткіштері бойынша  өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда жемқорлық қылмыстар 15, 5 пайызға артық ашылды. Бұл Қаржы полициясы қызметкерлерінің белсенді қызметі мен қоғамдық сананың жетілуінен деп білуміз керек. Өйткені,жемқорлық фактілерін қарапайым адамдар жиі хабарлайды. Сондай-ақ, пара алудан бас тартатын азаматтар да көбейді.
 
«Нұр Отан» жемқорлықпен күресте өз қатарын да аяп отырған жоқ. Соңғы жарты жылда бармақбасты, көзқысты әрекетке барған 25 мың мүшесін ұйым қатарынан шығарып жіберген. 
 
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу