Атыраудағы төтенше жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы төтенше жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде

20.04.2014
Атыраудағы төтенше жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде
Рельстен шығып кеткен вагондар жаңа.  2006-2007 жылдары шығарылған. Көлік және коммуникация министрлігінің өкілдері бүгін осындай ақпарат таратты. Вагондар Қытайдан әкелінген екен. Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың айтуынша, қазір төтенше жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
 
Әсет Асаубаев, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы:
Жол учаскесі жөндеуді қажет етпеген. Өйткені, күн сайын қызметкерлер тексеріп отырады. Себебі жол ма, вагонда ма, әлде локомотив бригадасында ма, оны мамандар жақын арада анықтайды.
 
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу