Су ресурстары жөніндегі бағдарлама бекітіледі
2040 жылға қарай елімізде су тапшылығы болуы мүмкін. Оның алдын алу үшін мамандар арнайы бағдарлама әзірледі. Құжат жақын арада Үкіметте бекітіледі. Бұл туралы Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2014-2040 жылдарға арналған су ресустарын басқару мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 8 триллион теңгеден астам қаражат керек. Оның 5,5 триллион теңгесі республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінеді.
Ал 3 триллионға жуығы бюджеттен тыс қаражат. Бағдарлама қоршаған орта және экономика салаларында суды үнемдеу, су ресурстарын тиімді басқару жүйесі бойынша жүзеге асады.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі:
Бағдарлама аясында елімізде жылына 9 текше метр суды үнемдеуге қол жеткіземіз. Су тарифтерін өсірмей өзін-өзі ақтау шараларын іске асырамыз. Нәтижесінде үнемделетін болады. Тамшылатып суару - бүгінгі күнге сай келетін үнемдеу технологиясы.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07