Ескі Қалқұтан ауылы су қоршауында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескі Қалқұтан ауылы су қоршауында қалды

15.04.2014
Ескі Қалқұтан ауылы су қоршауында қалды
 Ақмола облысы Астрахан ауданында 2007 жылы көктемгі тасқыннан бірнеше үй су астында қалған болатын. Араға жеті жыл салып барып осыған ұқсас жағдай тағы қайталанды. Аудан өңіріндегі Қалқұтан өзені арнасынан тасып, жақын маңдағы үйлерге айтарлықтай зақым келтірді. Қазір су тасқынының екпінін арнайы мамандар бақылауда ұстауда.
 
Кешегі Атбасардағы жағдайды ескере отырып, тасқын болады-ау деген қауіппен Ескі Қалқұтан ауылының тұрғындарын басқа жаққа көшіру ерте бастан қолға алыныпты.
 
Алдымен аяғы ауыр әйелдер, қарттар және балалар қауіпсіз жерге көшірілген. Соның артынша-ақ, күткендегідей апатты оқиға орын алып, жолдар мен ауылдағы 21 үйге әжептеуір зақым келді.
 
Талғат Ерсейітов, Астрахань ауданының әкімі:
Ескі Қалқұтанға баратын жолды республикалық бюджет есебінен қалыпқа келтіретін боламыз. Су басқан үйлер бойынша шығын көлемі анықталып, жұмыстар атқарылады.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу