Шекара шебін бұзғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекара шебін бұзғандар ұсталды

12.04.2014
Шекара шебін бұзғандар ұсталды
Контрабандалық жолмен тауар тасымалдаушылар қазақ-қырғыз шекарасын бұзып өтпек болған. Үстіне тұтыну тауары артылған 14 «Камаз» жүк көлігі Сыпатай батыр атындағы шекара бекетін айналып өтіп, Меркі ауылының тұсында тұрған жерінде ұсталды. Олар кедендік рәсімдеу мен салық төлеуден жалтару үшін осындай әрекетке барған. Әзірге тауардың иесі анықталған жоқ. Сондай-ақ, қайда жеткізілуі керек болғаны да беймәлім.
 
Серік Рақымов, ҰҚК Шекара қызметі 20/35 әскери бөлімінің командирі:
Шекара бұзушыларға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 330 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Контрабандалық жүктің тағдыры келешекте құзырлы мемлекеттік органдарға тапсырылатын болады.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу