Терроризм - ақпараттық соғыс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терроризм - ақпараттық соғыс

01.04.2014
Терроризм - ақпараттық соғыс
«Сириядағы қантөгістерге жүздеген қазақстандық қатысты» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл -  ақпараттық соғыстың бір түрі болуы мүмкін. Бүгін саясаткер Ерлан Қарин экстремизмге және лаңкестікке қарсы тұру жөніндегі зерттеуінің қорытындысын жариялады.
 
Оның айтуынша, терроризм тек қантөгіс пен жарылыс емес, сонымен қатар ақпараттық соғыс. «Сондықтан ақты қарадан, шындықты өтіріктен ажырата білу маңызды», - дейді саясаттанушы.
 
Зерттеу барысында соңғы он жылдағы қылмыстық істер сараланып, лаңкестік әрекеті үшін сотталғандар мен олардың туыстарынан сұхбат алынған. Белгілісі, теріс жолға түскендердің жартысынан көбі жастар және басым бөлігінің діни сауаты жоқ. 
 
Ерлан Қарин, саясаттанушы: 
Сирияда немесе Ауғанстанда 200-300 адам соғысып жатыр деген ақпараттар шындыққа келмейді. Өткен жылы болған ақпарат шын мәнісінде бұл Қазақстанға бағытталған ақпараттық соғыстың бір түрі деп те айтуға болады. Бұл жарнаманың бір формасы, керісінше сол аймақтарға қосымша азаматтарды тартуға ұйымдастырылған әрекеттер.
 
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу