Елімізде зейнетақы мөлшері өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде зейнетақы мөлшері өсті

01.04.2014
Елімізде зейнетақы мөлшері өсті
Жылқы жылы зейнеткерлер үшін молшылығын алып келді. Жыл басынан бастап олардың зейнетақысы 14 пайызға өсті. Елорда тұрғыны  Сара Шәйкенова бейнетінің зейнетін көріп отырған жан.
 
15 құрсақ көтерген Батыр ананың арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы да едәуір ұлғаяды. Қазірде Сара мен Ысқақ Шәйкеновтер 32 немере, 8 шөбере тәрбиелеп отырған үлгілі отбасылардың бірі.
 
Сара Шәйкенова, зейнеткер:
Бүгіннен бастап, зейнетақыны,  жәрдемақы және мұғалімдердің жалақысын көтеріп жатыр.  Өзім қазір 40 мың теңге алсам, енді 5-6 мың теңге қосылады. Оның өзі бізге көмек.
 
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу