Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер өседі

29.03.2014
Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер өседі

Бірінші сәуірден бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер көлемі 10 пайызға артады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 53,4 миллиард теңге бөлінді. Бұл осы жылы зейнетақыға қосылып отырған екінші үстеме. Жыл басынан бері зейнетақы 14 пайызға артты, соған сай қазір орташа зейнетақы көлемі Қазақстан бойынша 46 мың 661 теңге болып бекіді.

 
Гүлнәр Тоқсейітова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасының орынбасары:
Орташа зейнетақы 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін 41 мың 046 теңге болатын. Ал, енді 1 сәуірден бастап 46 мың 661 теңге құрайды. 4 миллионнан астам адамға тиісті төлемдер көбейтілді. Бұған 53,4 миллиард теңге жұмсалды. 1,9 миллион зейнеткер. Қалғандарының барлығы жәрдемақы алушылар.
 
Қазақстанда қазір жәрдемақы алатын 485 мыңдай мүмкіндігі шектеулі азамат бар. 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін 1-ші топтағы мүгедек 25 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып келсе, 1-ші сәуірден бастап оның көлемі 28 мың теңгеге артты. Көпбалалы аналар да мемлекет қамқорлығынан шет қалмайды. Қазір бізде алтын мен күмістен алқа таққан 245 мың 921 ана бар.
 
Гүлнәр Тоқсейітова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасының орынбасары:
Егер де жанұяда 1,2,3 бала дүниеге келсе, ол балаға 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін 51 мың теңге төлейтін болса, ал енді 1 сәуірден бастап, 58 мыңдай төлейді.
 

Хабарламаларға жазылу