Елімізде босқындарды қорғау жұмысы жақсарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде босқындарды қорғау жұмысы жақсарады

28.03.2014
Елімізде босқындарды қорғау жұмысы жақсарады
Еліміздегі босқындар саны - 497 адам. Олардың дені Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Олар бір жыл көлемінде Қазақстанда өмір сүруге құқылы. Өйткені, ел аумағына кіргенде 1 жылға босқын мәртебесі берілген.
 
Халықаралық конвенцияға сай біздің ел босқындарды қорғауды жалғастыра береді. Себебі Қазақстанда адам құқығын қорғау басты назарда.
 
Бұл жайында бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов пен БҰҰ Орта Азиядағы босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары Сабер Азаммен кездесуінде айтылды.
 
Елдегі босқындардан қауіп күтудің қажеті жоқ. Олар Қазақстанға кіргенде тексеріледі. Яғни, денсаулығына қатысты және тұрғылықты жері туралы құжаты болу шарт.
 
Босқын ел аумағына кірген күннен бастап 3 ай тексерістен өтеді. Егер қылмыс жасап іздеуде жүрсе, оған босқын мәртебесі берілмейді.
 
Сабыржан Сейітжанов, ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменті Азаматтық иммиграция және босқындармен жұмыс жасау басқармасының бастығы:
Бүгінгі шараның мақсаты - 4 жыл жұмыс істеп келген аймақтың өкілі Сабер Азам мырзамен қоштасу.  Енді ол басқа елге ауысады. Сол себепті істеген жұмыстарын, нәжижелерін көрсетіп жатыр. Біз босқындар туралы халықаралық конвенцияға қосылдық. Босқындар туралы ұлттық заңымызды қабылдадық. Сол себепті заңдарымыз халықаралық конвенцияға сай.
 
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу