«Сардар» республикалық Олимпиадасы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сардар» республикалық Олимпиадасы өтуде

27.03.2014
«Сардар» республикалық Олимпиадасы өтуде

Бүгін - 11-ші сынып оқушылары арасындағы «Сардар» республикалық Олимпиадасының үшінші күні. Кеше олар математика, физика, тарих және қазақ тілі пәндерінен тест тапсырса, бүгін әскери біліктіліктері сыналды.

 
Онда оқушылар арнайы сап түзеп, мамандардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, АК-74 қаруын бөлшектеп, қайта жинады.
 
Бұл сында «Жас Ұлан» мен «Арыстан» арнайы мамандандырылған мектебінің тәлімгерлері ширақ қимылдап, тапсырманы тиянақты орындады.
 
Алда 100 және 3 мың метр қашықтыққа жүгіруден жарысады. Жалпы, алғаш өтіп жатқан Олимпиадаға 62 оқушы қатысуда. Жеңгендеріне жоғары әскери оқу орындарына түсу үшін жеңілдік жасалады. Жүйріктер ертең белгілі болады.
 
Айбек Керімбек, «Арыстан» мамандандырылған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы:
«Сардар» Олимпиадасы қазақ жастарының патриоттық сезімдерін арттырады және Отанымызды қорғауға тәрбиелейді.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу